Казталов мектеп-лицейі туралы мәлімет!
1989 жылы Алма Оразбаева атындағы орта мектептен бөлініп шығып жалпы орта білім беретін мектеп базасы болып қаланды. Ол Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.08.1989 жылғы №173 қаулысы негізінде типтік жобадағы 624 орындық оқушыға арналған қазақ-орыс мектеп ғимараты 1989 жылы пайдалануға берілді. Мектеп директоры болып Қабиров Исатай Рысқалиұлы тағайындалды.Өз тарихында Казталовка орта жалпы білім беретін мектебі 30 рет қоңырау соғып, қазіргі таңда, яғни 2019 жылдан бастап Казталов мектеп-лицей атауымен осы кезге дейін жұмыс жасауда.
1993 жылы аудан әкімі Иманғалиев Насіпқали Бекенұлының келісімі бойынша қазақ-орыс мектебін бірыңғай қазақ мектебіне айналдыру туралы шешім қабылдады, ол шешім 1998 жылы өзгертіліп, қазақ мектебі атанды.
Мектептің мақсаты оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
1994 жылы мектеп директоры Кабиров И.Р білім бөлімінің меңгерушісіне ауысуына байланысты мектеп директоры болып осы жылдың 24 желтоқсанында Табылдиева Гүлжиян Табылдықызы тағайындалды.Мектеп 748 оқушымен қамтылды.
Алғаш жұмыс жасаған ұстаздар қатарында Табылдиева Гүлжиян, Кенжегалиева Куляш, Уахитова Роза, Жаксыбаева Маржангул, Жұмағалиева Рима, Базартаева Гүлімай,Ищахова Шынасыл, Сармалаева Марфуга,Ныгметов Бактығали, Ахметжанова Светлана,Жұмағазиева Куляш, Мухамедиярова Зейнеп, Хасанова Куляш, Негметова Шарипа, Гусманова Светлана, Исмагулова Гулжиян, Өтегенова Рая, Хасанов Асқар ағай сынды ұстаздарымыз болды.
Мектебіміз 2002 жылдан бастап заман көшіне ілесіп, қазақ орта мектебіне айналды.
2013-2019 жылдар аралығында мектеп директоры қызыметін Жаксыбаева Алия Насіпкалиевна атқарды. 2019 -2020 жылдар мектеп-лицей директоры қызыметін Жаскалиев Нұрлан Қуанышұлы атқарды.
2021 жылдың қаңтар айында мектеп-лийейінің директоры қызыметіне Хайрушев Нурлан Адилбекович тағайындалды.
Қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан бұл білім ордасына биыл 31 жыл. Осы жылдар ішінде талай шәкірттердің жүрегіне нұр төгіп, қанаттарын қатайтып, болашақ өмірге түлетіп ұшырды. Мектептен түлеп ұшқан шәкірттердің арасында облыс, республикаға танымал болған жоғары қызметтер атқарған, еліміздің экономикасын дамытып,әлеуметтік жағдайын жақсартуға түбегейлі үлес қосқан әлі де еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Мектебіміз осындай шәкірттерімен мақтана алады.
Қазіргі таңда мектебімізде 553 оқушы білім алуда. Оның ішінде аға апаларының өнегелі жолын жалғастырушы оқуда озат,үлгі тұтар шәкірттеріміз де баршылық.
Өткен оқу жылының қорытындысан тоқталатын болсақ , мектебізден 26 шәкірт тамамдады. Олардың 24 ҰБТ –ға қатысып, нәтижесінде 5 оқушы Алтын белгі иегері атанып, 2 оқушы Үздік аттестат иегері атанды. 17 оқушы грант иегері атанып, ұстаз ата-ана мерейін үстем қылды.
Қазіргі таңда білімнің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы туды. Қазақтың талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» дегеніндей, 2016-2017 оқу жылынан бастап 1-сыныптар, 2017-2018 оқу жылында 2,5,7-сыныптар, 2018-2019 оқу жылында 3,6,8-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына аяқ басқан болатын.
2019-2020 оқу жылының басында «Казталов аудан әкімдігінің жарлығы шешімімен Казталов мектеп-лицейі» Коммуналды Мемлекеттік Мекемесі статусын алды.Мектептің оқыту тілі қазақ тілі.Мектеп басымдылығындағы жалпы орта білім берудің жалпы білім Статусы алынғаннан кейін мектептің жарғысына өзгерістер енгізіліп ,аудандық білім беру бөліміне,әділетке барып,халыққа қызмет көрсету орталығына тіркелді.Мектептің мөрі мен бұрыштамасы және мектептің маңдайшасындағы жазу өзгертілді. Мектеп лицейде жалпы педкадр - 66 , 3 мектеп алды даярлық тәрбиешілерін қоса алғанда. Жоғары білімді 56 -, арнаулы орта 10. Жоғары санатты-4 (зерттеуші -10+5).І санатты - 4(сарапшы-11). ІІ санатты 7 (модератор 11 ), санатсыз-11. Мастер -1, Жас маман- 7 Мектебімізде 1-11-сыныптар- 492 оқушы. Мектепалды даярлық тобын қоса есептегенде -553 оқушы.
Біздер 21 ғасырды, яғни адам санасының шарықтаған ал техниканың барынша жетілген уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз.Сол себепті қазіргі заманның сұранысы мен талабына сай жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде оқытудың жаңа технологиясын ұстанып, бала тәрбиесіне мейленше үлес қосудамыз. Осы бағатта Кембридж университетінің негізінде денгейлік бітірген ұстаздар саны 14, 1 -денгей курсынан 2 мұғалім 3- деңгей курсынан 10 мұғалім, 2 деңгей бойынша 2 мұғалім оқып келді.
Бүгінде ақпараттық-коммуникациялық және сандық технологиялар ғаламдық дамудың жетекшісіне айналып отыр. Қиял - ғажайып шығармаларда суреттелетін адамның қатысуынсыз, өздігінен жұмыс істейтін роботтар, жүргізушісі жоқ «ақылды» көліктер бүгінде адам өмірінің белгілі бір бөлшегіне айналды. Ғылым мен технология саласында күн сайын елді елең еткізер жаңалықтар ашылып, өндіріс пен күнделікті тұрмыста қолданысқа енуде. Бұл жаңалық пен жетістіктен алаш баласы да тысқары қалмауы тиіс.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. «Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы», – деген мемлекет басшысы өз сөзінде.
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқан елімізде “BilimLand” білім беру ресурсын кеңінен қолданып келеміз. Bilimland сайты - Білім беру жүйесінің жаңа технологиялары, әлемдік білім беру нарығындағы ең озық компаниясының жетістіктері негізінде жасалған. Бұл білім платформасының мазмұны (контенті) 40 000-нан астам интерактивті сабақтан, миллионнан аса видеоанимациядан, 30 000-нан аса тест сұрағынан тұрады.
Білімлендті қолдану ұстаздарға білім беру тиімділігін арттырып, оқушының оқуға деген қызығушылығын тудыратын, зейіні мен бейімін, танымдық деңгейін шыңдайтын бірден-бір оқыту ресурсы. Басты мақсат – қала мен ауыл баласы арасындағы цифрлық білім алуды теңестіру.
Бұл құрылғы Қазақстан мектептеріне интерактивті оқытудың жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндік береді.
«Күнделік» электронды журналын жүргізудегі мектептердің белсенділігі артып келеді екен. Электронды журнал арқылы бағалау дегеніңіз – заман көшіне ілесу. Бұл жүйенің көздегені – оқушының пән бойынша білімін әділ бағалау және ата-ана баласына қойылған баға мен үйге берілген тапсырмадан хабардар болып
отырады.
Kundelik.kz– бұл хабар алмасуға арналған жабық әрі замануи орта. Тақырыптық форумдар жасауға, іс-шарадағы фотосуреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен немесе мұғаліммен байланысуға болады.
Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Сол себепті орта білім беру саласында факультатив және элективті курстарда роботехника негіздері пәні енгізілді. Робототехника бойынша түрлі конкурстар, сайыстар өткізіліп, оқушылар бір-бірімен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық ақпарат және инженерлік білімдерімен алмасуда.
Робототехника курстары – бірқатар қиын техникалық пәндерді оқушыларға үйретуде керемет құрал. Мұнда оқушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, сонымен қатар, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады.
Осы орайда 2017 жылы мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Өтегенов Абылай Төлегенұлы «Робототехника негіздері» тақырыбындағы курстан өтіп келіп, мектеп оқушыларымен жұмыстануда.
Сондай-ақ «Туған жер» бағдарламасы бойынша «100 ән, 100 күй» жобасымен мектебімізде соғылатын қоңырау үндері халқымыздың дәулескер күйшілерінің күйлерімен алмастырылды.
Мектебімізде «Жас ұлан
Мектебіміздің жанынан 1999 жылы интернат ашылған болатын. Сол шаңырақта талай бала тәрбиеленіп, олда өз ұясынан жүздеген шәкірттерді қанат қақтырды.
Бұл ғимарат «НұрОтан партиясының» Қазақстан-2021: бірлік, тұрақтылық, жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы негізінде, 2017 жылы заман талабына сай 100 орындық боп жаңадан салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді.